"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 09 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 4 030 ЖДҚ және биржадағы 120 KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, RDGZ) жай акциясын кері сатып алғаны туралы хабарлады
10.01.12 15:32
/KASE, 10.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың
10 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп
хабарлады:
цитата басы
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың
11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы
аясында, 2012 жылдың 9-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық
қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 14,76 АҚШ долларынан Лондон қор
биржасында (LSE) орналастырылған 4 030 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды,
сондай-ақ бір жай акция үшін орташа бағасы 13 600,00 теңгеден
Қазақстан қорбиржасында орналастырылған 120 жай акцияны сатып
алғанын хабарлайды.
Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері
Компания барлығы 1 351 888 ЖДҚ пен 3 951 жай акцияларды сатып алды.
Байланыстық ақпарат:
"ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz
"ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz
Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147
Елена Добсон
E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk
цитата соңы