2012 жылдың 16 қаңтарында "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады
10.01.12 12:28
/KASE, 10.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестік" ЖШС
(Шымкент, бұдан әрі – компания), биржаға 2012 жылдың 16 қаңтарында
11:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы
басталатыны туралы мәлімдеді. Жиналыстың күн тәртібінде:
- компанияның ұйымдық құрылымын өзгерту;
- компанияның жарғысына өзгертулер енгізуді бекіту;
- компания Басқармасының құрамын өзгерту және бекіту;
- басқа заңды тұлғаларға қатысу;
- "ОРДА Капитал" басқарушы компания" АҚ акцияларын сатып алу;
- "Нұр кредит" ШНҰ" ЖШС жарғылық капиталынан үлес сатып алу;
- ішкі ережелерді бекіту;
- 2012 жылға шығындар мен кірістердің жылдық сметасын бекіту.
Аталмыш жиналыстың өтетін мекен-жайы: Шымкент қ., Ғани Иляев көш.,
47. Осы жиналыстың қатысушыларын тіркеу сағат 10:00-ден жүргізіледі.
Кворум жиналмаған жағдайда, банктің акционерлерінің қайталама
жиналысы 2012 жылдың 17 қаңтарында сағат 10:00-де жоғарыда
көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді.
Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты
материалдармен Шымкент қ., Ғани Иляев көш., 47 мекен-жайы бойынша
таныса алады.