"Альянс Банкі" АҚ (Қазахстан) өзінің шағын және орта бизнес секторындағы клиенттерінің қарыздарын қайта құрылымдауды аяқтағаны туралы хабарлады

09.01.12 17:28
/KASE, 09.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресмитізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 06 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "Альянс Банкі" АҚ ШОБ секторы клиенттері үшін 2011 жылдың сәуірінен 31 желтоқсанына дейінгі екі кезеңде өткізген "Қарызды өсімпұлсыз және пайызсыз өте" акциясының нәтижелерін шығарды. Банк бастаған акция шарттарын 229 клиент пайдаланып, жалпы алғанда, негізгі қарызын 730 млн. теңгеден астам сомаға өтеді. Төлем уақытын өткізген Банктің ШОБ секторы клиенттеріне, негізгі қарыздың өтелетін үлесіне қарай, қайта құрылымдаудың бірнеше жолы ұсынылды. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар бойынша табуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_060112.pdf – орыс және қазақ тілдерінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_060112_e.pdf – ағылшын тілінде.