"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) өзінің 2011 жылдағы қызметінің операциялық нәтижелерін және 2012 жылдың бюджеті туралы жариялайды

09.01.12 16:09
/KASE, 09.01.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 09 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың операциялық нәтижелері мен 2012 жылдың бюджеті туралы жариялайды. 2011 жылдағы операциялық қызмет "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") "Қазгермұнай" БК" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк."(ПҚИ)компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2011 жылы 12 341 мың тонна мұнай тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдағыдан 944 мың тоннаға немесе 7 %-ға кем. "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы (ӨМГ) 5 082 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 884 мың тоннаға аз. "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалы (ЕМГ) 2 818 мың тонна (тәулігіне 57 мың тонна) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 18 мың тоннаға артық, соның арқасында 2011 жылы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 7 900 мың тоннаны (тәулігіне 159 мың баррель) құрады, бұл 2010 жылдағыдан 866 мың тоннаға немесе 10 %-ға аз. Өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың мамыр-тамыз айларында ӨМГ-де өткен заңсыз наразылық акциясы, сондай-ақ ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын беруді шектеу, апатты сөну жағдайлары кері әсер етті. Компания мұнай өндіруді қалпына келтіру жөнінде бірқатар шараларды қолға алды, соның арқасында тәуліктік мұнай өндіру деңгейінің өсу қарқыны байқалады, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 14,2 мың тоннаны (тәулігіне 105 мың баррель) құрайды. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2011 жылы 4 442 мың тоннаны (тәулігіне 91 мың баррель) құрады, бұл аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес 2010 жылдағы өндіру көлемімен салыстырғанда, 78 мың тоннаға немесе 2 %-ға аз. 2012 жылдың бюджеті ҚР Үкіметі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның ресми болжамына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың барреліне 80 АҚШ доллары бағасын ескере отырып жасалған ҚМГ БӨ-нің 2012 жылға арналған бюджеті 126,5 млрд. теңге (852 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі күрделі салымдарды қамтиды, бұл 2011 жылдағы осы мақсатқа жұмсаған шығыннан 19 %-ға көп. Күрделі салымдардың артуы негізінен геологиялық барлау жұмыстары шығындарының артуына және қосымша сервистік кәсіпорындарды құру шығындарының ұлғаюына байланысты, оның мақсаты төменде баяндалады. Компания Федоровский блогында геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыруға 64 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Компания аталған блоктың 50 % үлесіне ие, есеп шоғырландырудың үлестік әдісі негізінде жүргізіледі. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында келесі мекен-жайлар арқылы табуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_090112.pdf – қазақ және орыс тілдерінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_090112_e.pdf – ағылшын тілінде.