"ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамының KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, BRKLb1) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

06.01.12 12:54
/KASE, 06.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "ИФГ КОНТИНЕНТ" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 19 қаңтарынан бастап "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамының (Астана) KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық қағаздар" санаты, BRKLb1; 100 теңге, 5,0 млрд теңге, 08.02.11 – 08.02.16; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін атқарудан босатылды. Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі құжатының 5 бабы 2 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды.