2011 жылы биржадағы шетелдік валюталармен сауда-саттық көлемі 1,1 %-ға төмендеп, 15,6 трлн теңгені ($106,2 млрд) құрады
06.01.12 10:50
/KASE, 06.01.12/ – 2011 жылы Қазақстан қор биржасының (KASE) валюталық
своп операцияларын қоса есептегенде, шетелдік валюталармен сауда-саттық
көлемі 15 571,8 млрд теңгені (баламасы 106 179,9 млн АҚШ долларына тең)
құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 1,1 % (0,7 % долларлық көрсетілімде)
төмендеді.
Төмендегі кестеде биржадағы 2011 жылдағы шетелдік валюталар
көрсеткіштерінің кестесі айларға, валюталарға және мәмілелер түрлері
бойынша бөлініп, және 2010 жылдың салыстырмалы мәліметтері берілген.
---------------------------------------------------------------------------
Сауда-саттық көлемі
---------------------------------------------------------------
спот-нарығында, млн своп- барлығы, барлығы,
Жылы, -------------------------------- нарығында, млрд млн
айы USD/KZT EUR/KZT EUR/USD RUB/KZT млн USD/KZT KZT USD
----------- -------- ------- ------- ------- ----------- -------- ---------
2011, I 6 145,8 3,1 0 158,1 1 925,6 1 187,8 8 080,7
2011, II 8 048,8 2,4 6,8 288,8 1 860,5 1 454,0 9 931,8
2011, III 8 052,6 1,3 0 835,5 1 945,2 1 461,7 10 028,8
2011, IV 6 930,9 1,6 0 293,5 2 855,6 1 425,2 9 799,2
2011, V 5 981,9 3,1 0 298,5 2 365,5 1 217,0 8 362,4
2011, VI 6 459,5 0,6 8,0 221,4 1 295,5 1 134,2 7 775,2
2011, VII 5 533,7 0,2 0 256,1 1 458,0 1 021,7 7 001,2
2011, VIII 8 051,4 192,5 0 431,5 1 415,8 1 431,5 9 758,9
2011, IX 7 546,5 378,8 20,0 495,5 1 833,9 1 466,0 9 943,7
2011, X 5 180,5 0,4 290,0 405,5 3 983,1 1 417,0 9 572,3
2011, XI 5 552,7 1,8 0 605,1 2 166,4 1 144,4 7 741,2
2011, XII 5 832,6 0,8 0 897,0 2 322,3 1 211,4 8 184,4
----------- -------- ------- ------- ------- ----------- -------- ---------
Барлығы 79 316,6 586,3 324,8 5 186,5 25 427,4 15 571,8 106 179,9
----------- -------- ------- ------- ------- ----------- -------- ---------
2010, I–XII 73 880,7 182,5 85,0 5 727,1 32 452,0 15 748,7 106 881,8
өзг., % +7,4 +221,3 +282,1 -9,4 -21,6 -1,1 -0,7
---------------------------------------------------------------------------
05.01.11 бастап 30.12.11 дейінгі кезеңде Биржаның негізгі (таңертеңгілік)
сауда сессиясының барлық мәмілелері бойынша есептелген теңгенің АҚШ
долларына орташа сараланған бағамы бір долларға 146,70 теңгені, барлық
биржалық мәмілелер бойынша бір долларға 146,61 теңгені құрады.
2011 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 0,61 % құрады.
2010 жылы теңгенің АҚШ долларына ревальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 0,65 % құрады.
2009 жылы теңгенің АҚШ долларына девальвациясы деңгейі номиналды
көрсетілімде 22,91 %, 2008 жылы 0,41 % құрады.