"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Global Finance журналынан "Сауда-саттық қаржыландыру саласында Қазақстанның үздік банкі 2012" номинациясы бойынша марапатталғаны туралы хабарлады
05.01.12 16:02
/KASE, 05.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы),
биржаға баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) Global Finance
жетекші халықаралық қаржылық басылымы 78 мемлекетті қамтитын сауда-
саттық қаржыландыру бойынша жыл сайынғы шолуда "Сауда-саттық
қаржыландыру саласында Қазақстанның үздік банкі 2012" номинациясы
бойынша марапатталды.
Global Finance хабарламасы бойынша, Банкті сауда-саттықты
қаржыландырудағы үздік банк деп таңдау барысында транзакциялар көлемі,
жаһандық масштабтағы бизнестің көлемі, клиенттерге қызмет көрсету,
бәсекеге қабілетті бағалар және инновациялық технологиялар шарттары
қарастырылды.
"Бүгінгі күні сауда-саттықты қолайлы бағалармен қаржыландыру жаһандық
экономиканы сауықтандыру үшін аса көкейкесті болып отыр", - деп пікірін
білдірді Global Finance журналын құрушылардың бірі Джозеф Д. Джиаррапуто.
Қосымша ақпарат алу үшін
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ хабарласуға болады:
Айнур Туякбаева
Сауда-саттық және құрылымдық қаржыландыру басқармасы
+7 727 259 08 07
Асель Атинова
Қаржы құралдарымен жұмыс жөніндегі басқарма
+7 727 259 04 30