"БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, BTAIb7) облигациялары бойынша 14-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,40 % құрады

05.01.12 14:16
/KASE, 05.01.12/ – "БТА Банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZPC1Y07B648 (KZ000A0TZZH7, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb7; 100 теңге, 4,0 млрд теңге, 13.07.05 – 13.07.12; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары бойынша 2012 жылдың 13 қаңтарынан бастап 12 шілдесіне дейінгі купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,40 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 13 қаңтарына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,40 % пайызды құрайды.