"ЦентрКредит Банкі" АҚ (Қазақстан) өзіне Standard & Poor's агенттігі рейтингілік бағалаулар бергені туралы хабарлады

05.01.12 13:36
/KASE, 05.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, 2011 жылдың 29 желтоқсанында Standard & Poor's рейтингілік агенттігі "ЦентрКредит Банкі" АҚ: - "В+" деңгейінде серіктестіктің ұзақмерзімді рейтингін; - "В" деңгейінде серіктестіктің қысқамерзімді рейтингін; - "kzВВВ" деңгейінде қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингін берді. Рейтингілер бойынша болжам "Тұрақты".