ҚҰБ ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) үшінші облигациялық бағдарламасының шығарылымын тіркеді

05.01.12 12:24
/KASE, 05.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 10 тамызындағы "Цеснабанк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің көшірмесін ұсынды. ҚҰБ ҚҚК куәлігіне сәйкес, "Цеснабанк" АҚ облигациялық бағдарламасы шығарылымының көлемі 100,0 млрд теңгені құрайды. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне Е08 нөмірімен енгізілді.