ҚҰБ ҚҚК "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын тіркеді

04.01.12 16:04
/KASE, 04.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 17 қарашасында тіркеп, "Kaspi Bank" АҚ Басқармасы құрамында болған өзгерістер мен толықтыруларға байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/CSBN/csbnf9_izm_171111.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.