ҚҰБ ҚҚК "Kaspi Bank" АҚ (Қазақстан) облигациялық бағдарламаларының бірінші және екінші шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерін тіркеді

04.01.12 15:58
/KASE, 04.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), өзінің облигациялық бағдарламаларының бірінші және екінші шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті(ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 14 желтоқсанында тіркеп, "Kaspi Bank" АҚ Басқармасы құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/csbn мекен-жайы бойынша жарияланған.