"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) 2011 жылдың 30 желтоқсанында және 2012 жылдың 03 қаңтарында Лондон қор биржасындағы 1 609 және 22 961 ЖДҚ кері сатып алғаны туралы хабарлады

04.01.12 14:59
/KASE, 04.12.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2012 жылдың 04 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 11 қазанында басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында, 2011 жылдың 30-желтоқсаны күні және 2012 жылдың 3-қаңтары күні бір Жаһандық депозитарлық қолхат ("ЖДҚ") үшін орташа бағасы 14,81 және 14,90 АҚШ долларынан Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған 1 609 және 22 961 ЖДҚ сатып алғанын хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Компания барлығы 1 302 710 ЖДҚ пен 3 831 жай акцияларды сатып алды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908) Елена Пак e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы