"Сырымбет" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2011 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

04.01.12 14:50
/KASE, 04.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сырымбет" АҚ (Солт.-Қазақстан обл., Сырымбет а., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2011 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі - "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек жай KZ1C52400013, KZ1C00000595) акцияларының жалпы саны 100 000 дана; - компанияның 90 000 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, тиісінше компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызыні иеленуші "Berkut Mining" ЖШС (Алматы) болып табылады.