"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Қазақстан) акциялар мен ЖДҚ-тарды кері сатып алу процедурасының «жабық кезеңде» екенін хабарлайды

04.01.12 12:26
/KASE, 30.12.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") акциялар мен ЖДҚ-тарды кері сатып алу процедурасының 2012 жылдың 1-наурызына күтіліп отырған Компанияның 2011 жылдағы қаржылық нәтижелерін жариялау алдындағы «жабық кезеңде» екенін жариялайды.* "Жабық кезең" 2012 жылдың 1-қаңтарында басталып, 2012 жылдың 1-наурызына дейін жалғасады деп күтілуде. "Жабық кезең" кезінде акцияларды кері сатып алуды "жабық кезең" басталғанға дейін Компания белгілеген параметрлердің шеңберінде жұмыс істейтін екі тәуелсіз брокер жүзеге асыратын болады. Бүкіл «жабық кезең» ішінде брокерлер Компаниядан тәуелсіз және оның тарапынан ықпал етуінсіз, бірақ 2011 жылдың 15 қыркүйегінде Директорлар кеңесі мақұлдаған акцияларды кері сатып алу бағдарламасына сәйкес шешім қабылдайтын болады. Аталған түсініктемені жасай отырып, Компания өз қызметіне қатысы бар, рынокқа белгісіз ақпараттарға ие еместігін растайды. * "Жабық кезең" деп рынок үшін маңызды ақпараттарды (мысалы, жылдық қаржылық есеп сияқты) жариялар алдындағы, осы уақыт ішінде Компанияның және Компания қызметкерлерінің бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға құқы болмайтын уақыт аралығын атайды. Байланыстық ақпарат: "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7908) Елена Пак e-mail: pr@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham Bell Pottinger +44 207 861 3147 Елена Добсон E-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk цитата соңы