Еуразия даму банкі Беларусь Республикасына ЕаврАзЕБ дағдарысқа қарсы қорының қаражатынан несиенің екінші төлемін аударғаны туралы хабарлады

04.01.12 12:05
/KASE, 04.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Беларусь Республикасына ЕврАзЕБ дағдарысқа қарсы қорының (ДҚҚ) қаражатынан 440 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылық несиенің екінші төлемін аударды. Бұл белорустық тарап алдын ала қойылған талаптарды орындағаннан кейін және ДҚҚ Кеңесінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылды. А.ж. 28 қарашасында ДҚҚ Кеңесі келесі екі талап орындалған жағдайда, қаржылық несиенің екінші төлемін беруді мақұлдады: - Беларусь Республикасы Президентінің Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің профильді емес активтерін беру туралы Жарлығына қол қою; - 2011 жылдың желтоқсанында Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің банкаралық нарықта өтімділік беру құралдары бойынша мөлшерлемелерді 5 пайыздық нүктеге жоғарлатуы. "Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің активтерінің құрылымын оптимизациялау туралы" Жарлыққа а.ж. 23 желтоқсанында қол қойылды. 12 желтоқсаннан бастап қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 40 пайыздан 45 пайызға көтерілді, ал банктердің өтімділігін демеу операциялары бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 65 пайыздан 70 пайызға дейін. А.ж. 4 маусымында ДҚҚ Кеңесі Беларуське 3 млрд доллар көлемінде қаржылай несие беруді мақұлдағанын, ал 2011 жылдың 20 маусымында ЕАДБ Беларуське қаржылық несиенің 800 млн доллар көлеміндегі бірінші төлемін аударғанын еске саламыз. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасын KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_301211.pdf мекен-жайы бойынша көруге болады.