"БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасы Сайденов А.Г. банктің жоспарланған қайта құрылымдануына түсініктемесін берді

30.12.11 15:58
/KASE, 30.12.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы), баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы БАҚ "БТА Банкі" АҚ акционерлеріне және GDR ұстаушыларына хаты кеңінен талқылануына байланысты БТА Банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы А.Г. Сайденовтың жиі қойылатын сұрақтардың бірқатары бойынша түсініктемесін ұсынды. 1. Банк бастамалап отырған қайта құрылымдаудың мәні неде? Банктің жоспарланып отырған қайта құрылымдануы – бұл 2010 жылы аяқталған қайта құрылымдау шегінде шығарылған бағалы қағаздар бойынша шарттарды өзгерту. Сол себепті бұл үдіріс БТА ағымдағы операциялық қызметіне кедергі жасамайды. 2. Бастамаланып отырған қайта құрылымдау үдірісінің салымшылар депозиттеріне қатысы бар ма? Банк жасалған келісім-шарттарға сәйкес, депозиттер бойынша қызмет көрсетуді жалғастырып келеді. Банктің клиенттері депозиттерге қосымша сомалар сала алады, бөлшектеп ақша ала алады, сондай-ақ, депозиттік салымдарын банктің кез-келген бөлімінде әдеттегітәртіппен ашып, жаба алады. 3. Банк несиелер және аударымдар бойынша операциялар өткізуді, сонымен қатар басқа да қызметтер көрсетуді жалғастыруда ма? БТА Банкі стандартты банктік қызмет айналысуын жалғастыруда – әдеттегі тәртіппен клиенттерге қызмет көрсетеді, төлемдер мен аударымдар жасайды, несиелер береді және депозиттер қабылдайды. 4. БАҚ БТА Банкі өзінің міндеттемелері бойынша жауап бермеуі мүмкін деген ақпарат таратты. Мұны қалай түсінуге болады? Бұл орайда БТА Банкінің өзіне несие берушілері алдындағы міндеттемелері туралы, яғни облигациялар бойынша жоспарланған сыйақы төлемдері туралы айтылған. Банк өзінің міндеттемелерінен бас тартпайды, несие берушілерге берекшектің жаңа шарттары мен ол бойыша қызмет көрсетудің жаңа шарттарын ұсынады. 5. Банктің несие берушілермен өзара келісімге келу мүмкіндігі қаншалықты? БТА Банкінің қайта құрылымдау жасау қажеттілігін Ұлттық Банк және бақылаушы акционері - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қолдап отыр. Келісімге келу барлық тараптардың ортақ мақсаты – мемлекеттің, банктің және несие берушілердің. БАҚ арналған байланыстар: тел. +7(727) 312 24 26 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы