"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ 2010 ЖЫЛДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

03.03.11 18:02
/KASE, 03.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 03 наурызындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») бүгін 2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есебін жариялады. - 2010 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 2009 жылмен салыстырғанда барреліне 61,7 АҚШ долларынан 79,2 АҚШ долларына дейін өсіп, 28%-ға жоғары болды. - Есепті кезеңдегі таза пайда 234,5 млрд. теңгені (1 591 млн. АҚШ долларын) және бір акцияға шаққандағы пайда 3 232 теңге (бір ЖДҚ үшін 3,7 АҚШ долларын) құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылдың сәйкес кезеңінде алынған 209,7 млрд. теңгемен (1 422 млн. АҚШ долларымен) және 2 871 теңгемен (бір ЖДҚ үшін 3,2 АҚШ долларымен) салыстырғанда, 12 %-ға көбейді. 2009 жылы алынған бағамдық айырмашылықтан түскен ауқымды кірісті есептемегенде, 2010 жылы таза пайданың өсімі 72 %-ды құрады. - Операциялық пайда негізінен мұнай бағасының қымбаттауына байланысты 2009 жылдың осындай кезеңінде алынған 154,9 млрд. теңгемен (1 050 млн. АҚШ долларымен) салыстырғанда, 21 %-ға артып, 186,7 млрд. теңге (1 267 млн. АҚШ долларын) құрады. Қаржылық нәтижелерге түсінік бере келе, Компанияның бас директоры Кенжебек Ибрашев былай деп мәлімдеді: «2010 жыл біздің Компания үшін бизнестегі, қаржылық және операциялық қызметтегі оқиғаларға толы болды. ҚМГ БӨ-нің 2010 жылдағы жақсы қаржылық нәтижелері біздің қолайлы бағалық конъюнктураны пайдалана білгенімізді көрсетеді. Біздің 2010 жылдағы қызметіміздің нәтижелеріне бұған дейін сатып алған активтеріміз айтарлықтай үлес қосты, бұл Компанияның даму стратегиясының дұрыстығын білдіреді. Біз Қазақстанның мұнай газ секторындағы көшбасшылық позициямызды нығайтуға талпынамыз, сол үшін 2011 жылы шығындарды азайтып, тиімділікті арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге күш салмақпыз». *Сомалар АҚШ долларына тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, пайдалар мен шығындар туралы жиынтық есептер мен ақша қаражатының қозғалысы туралы жиынтық есептер үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы (2010 жылы 147,35 теңге/ АҚШ долл., 2009 жылы 147,50 теңге/АҚШ долл, кезең соңында бағам: 2010 жылы 147,40 тенге/АҚШ долл., 2009 жылы 148,36 тенге/АҚШ долл.) бойынша және жиынтық баланстар үшін кезеңнің соңындағы бағам бойынша ауыстырылды. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_030311.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_030311_eng.pdf – ағылшын тілінде.