"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ЦЕСНА-АСТЫҚ" КОНЦЕРНІ" ЖШС-НІҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2PKY05C260 (TSASB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2P00001001 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

30.03.11 17:37
/KASE, 30.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цесна-Астық" концерні" ЖШС (Астана) 2011 жылдың 28 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "Цесна-Астық" концерні" ЖШС KZ2PKY05C260 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, TSASb1) KZ2P00001001 ISIN берді.