/KASE, 03.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы), өзінің KZP07Y10C336
облигацияларының (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық
бағалы қағаздар" санаты; TEBNb18; 0,01 тенге, 10,0 млрд тенге; 15.03.10 –
15.03.20, құбылмалы жартыжылдық купон, ағымдағы кезеңге жылдық 8,00 %;
30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулердің және бұрын
берілгеннің орнына бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеудің 2011 жылдың 16 ақпанындағы куәлігінің көшірмесін биржаға
ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау Агенттігі (ҚҚА) аталған облигациялардың шығарылым
аңдатпаларына енгізілген өзгертулерді тіркеді;
- айтылмыш куәлік "Темірбанк" АҚ атауының өзгеруіне байланысты
ауыстырылды;
- аталмыш облигациялардың шығарылымдары Эмиссиялық бағалы
қағаздардың мемлекеттік треестріне С33-7 нөмірімен тіркелді.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпаларына енгізілген
өзгертулер KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/files/emitters/TEBN/tebnf9b18_izm_160211.pdf
мекен-жайы бойынша жарияланған