ҚҚА "АГРАРЛЫҚ НЕСИЕЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05C515 (AGKKB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН 2010 ЖЫЛДЫҢ 10 ТАМЫЗЫНАН 2011 ЖЫЛДЫҢ 10 АҚПАНЫНА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛДЫ

10.03.11 18:08
/KASE, 10.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі 2010 жылдың 10 тамызынан 2011 жылдың 10 ақпанына дейінгі кезеңде Корпорацияның 1-ші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алғандығын хабарлап, ресми хат жолдады. ҚҚА ақпараттарына сәйкес, 2010 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ 4 300 000 аталған облиагциялары орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZ2C0Y05C515; AGKKb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге, 10.08.07 – 10.08.12; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, ағымдағы есептік кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингіліе бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді.