ҚҚА "АГРАРЛЫҚ НЕСИЕЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05C515 (AGKKB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНА ЕНГІЗГЕН ӨЗГЕРТУЛЕРДІ ТІРКЕДІ

10.03.11 18:03
/KASE, 10.03.2011/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ (Астана), өзінің KZ2C0Y05C515 облигацияларының (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты; AGKKb1; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 10.08.07 – 10.08.12, инфляция деңгейімен индекстелінген жартыжылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,30 %; 30/360) шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 25 ақпанында тіркеліп, "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамы, сондай-ақ "Аграрлық несиелік корпорациясы" АҚ аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгерту KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/AGKK/agkkf9b1_izm_250211.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған