"АЛЬЯНС БАНКІ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ XS0496645671, XS0496645838 (ASBNE12) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 2-ШІ КУПОНЫН ТӨЛЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

30.03.11 17:30
/KASE, 30.03.11/ – "Альянс Банкі" АҚ (Алматы) өзінің XS0496645671, XS0496645838 халықаралық облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, ASBNe12; 1 248 534 571,00 теңге; 25.03.10 – 25.03.20; құбылмалы жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 9,00 %, 30/360) екінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 26 808 401,15 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.