"HALYK FINANCE" ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ" АҚ CBONDS АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ҮШ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

18.03.11 18:05
/KASE, 18.03.11/ – Қазақстан қор биржасының мүшесі болып табылатын "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) бүгін KASE-ге ақпараттық хабарлама жолдап, былай деп хабарлады. 17 наурызда Cbonds Ақпараттық агенттігі (Cbonds АА, Санкт-Петербор) ұйымдастырған "Қазақстандық Қаржы Форумы 2011" атты жыл сайынғы конференция аясында "Cbonds AWARDS-2010" беделді сияпатпен марапаттау рәсімі өтті, оған жыл сайын Қазақстан қаржы нарығының көшбасшылары номинацияланады. Номинациялар бойынша жеңімпаздар нарық қатысушыларының арасында тәуелсіз сауалнама нәтижелері бойынша анықталды, бұл ретте өз ұйымы үшін берілген дауыс нәтижелерді есептеу кезінде есепке алынбады. Аталмыш сауалнама қорытындысы бойынша "Halyk Finance" АҚ 3 беделді сияпатқа ие болды: 1. Еурооблигацияларды бастапқы орналастырудың ең үздік мәмілесі 2. Ең үздік макроэкономикалық сараптама 3. Облигация нарығы бойынша ең үздік сараптама Бұдан бұрын, Global Finance" журналының пікірінше 2011 жылдың ақпанында "Halyk Finance" АҚ Қазақстандағы 2011 жылдың ең үздік инвестициялық банкі ("Best Investment Bank in Kazakhstan 2011") атағына лайық деп танылды, EMEA Finance халықаралық журналы 2010 жылдың қыркүйегінде 75 млрд. теңге сомасына "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигацияларын шығару және орналастыру бойынша қаржылық кеңесші және андеррайтер ретіндегі жұмысы үшін Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс және Африка елдеріндегі "Егеменді қорлардың облигацияларымен жасалған ең үздік мәміле" ("Best Sovereign Wealth Fund Bond Deal") номинациясында үздік деп таныды. "Halyk Finance" АҚ - инвестициялық-банктік қызметтердің толық жиынтығын ұсына алатын Қазақстандағы жетекші инвестициялық мекеме, атап айтқанда, қаржылық консалтинг және андеррайтинг (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру (акциялар және компанияларға қатысу үлесін сатып алу /сату бойынша M&A консультациялық қызметі) қызметін көрсетеді, сондай-ақ брокерлік қызметтер мен Қазақстан Қор биржасының сауда алаңында бағалы қағаздармен сауда жасау, маркет-мейкер қызметін, инвестициялық портфельді басқару, ұдайы түрде жүргізілетін аналитикалық (талдау) қызмет ұсынады.