"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) 2011 ЖЫЛДЫҢ 04 СӘУІРІНЕН 04 МАМЫРЫНА ДЕЙІН KZ1P51460114 (RDGZP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚТЫҢ ӨТЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

25.03.11 17:11
/KASE, 25.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 25 мамырындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата соңы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2011 жылдың 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында KASE сауда жүйесінде артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі кезекті мамандандырылған саудалардың өткізілетіндігін хабарлайды. Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасы бойынша, Компания осы уақытқа дейін 28,9 млрд. теңге соммаға 1,5 миллионнан артық артықшылықты акция сатып алды. Компания әрбір мамандандырылған сауданы жүргізердің алдында және соны өткізгеннен кейін хабарландыру жариялайтын болады. Хабарландыруда мұндай саудаларды өткізу шарттары мен қорытындылары көрсетілетін болады. Сатып алу бағдарламасы мен листинг артықшылықты акциялардың иелеріне құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді рыногында сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, 20 мыңнан астам адам иеленіп отыр. цитата соңы Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына- мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_250311.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_250311.eng.pdf – ағылшын тілінде.