"БАЯН СҰЛУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

31.03.11 17:02
/KASE, 31.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян сұлу" АҚ (Қостанай, бұдан әрі - Қоғам) KASE-ге ресми хат жолдап, былай деп хабарлады. Қоғамның Директорлар кеңесінің 10.02.2011ж. #105 хаттамасындағы шешім негізінде Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасы 2011 жылдың 14 наурызында "Баян Сұлу" АҚ Алматы филиалы орналасқан көшенің атын өзгертуге байланысты Филиал туралы Қағидаға өзгерістерді тіркеді. Қоғам басқармасының 25.03.2011ж. #114 хаттамасындағы шешіммен 2011 жылдың 28 наурызынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескерумен Қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы қолданысқа енгізілді. Қоғам Директорлар Кеңесінің 28.03.2011ж. #106 хаттамасындағы шешіммен ішкі аудит қызметінің жетекшісі Г.Г. Щетининаның өкілеттілігі қайтыс болуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды, ішкі аудит қызметінің жетекшісі болып Н.П. Цыпышева тағайындалды.