"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "RESMI" компаниялар тобы" АҚ-ның (Қазақстан) KZ1C58080017 жай және KZ1P58080113 (RESCp) артықшылықты акцияларына және KZ2P0Y07C187 (RESCb1) облигацияларына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) берді

14.03.11 17:09
/KASE, 14.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RESMI" компаниялар тобы" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 10 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмелерін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "RESMI" компаниялар тобы" АҚ мынадай бағалы қағаздарына: - KZ1C58080017 жай акцияларына KZ1C00000140 ISIN берді; - KZ1P58080113 артықшылықты акцияларына (KASE ресми тізімі, бірінші санаты, RESCp) – KZ1P00000152 ISIN берді; - KZ2P0Y07C187 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, RESCb1) – KZ2C00000644 ISIN берді.