"қазақстан қағазы" ақ 2010 жылдағы қызметінің нәтижелерін хабарлады

05.03.11 17:38
/KASE, 05.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) тізімінде тұрған "Қазақстан қағазы" АҚ (Алматы обл.) 2011 жылыдң 05 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Қазақстан қағазы" АҚ (бұдан ары "Топ" немесе "Компания") Компанияның жағдайын жақсарту және бұдан арғы тұрақты дамуы бойынша басқарушылар қабылдаған шаралар нәтижесіндегі Топ қызметінің қорытындыларын хабарлады. Аудирленбеген шоғырланған қарды есеп берушілігі негізінде Топтың 2010 жылдың 12 айындағы түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 % өсіп, 10 222 541 мың теңгені құрады. Топтың жалпы пайдасы 6% өсті. Топтың өндірістік жоспары 2010 жылдың 12 айында толық көлемде орындалды. Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KKAG/kkag_reliz_050311_.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.