"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ҚОҒАМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

10.03.11 17:38
/KASE, 10.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының KASE ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 10 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы Осы жылдың 10-шы наурызында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин Қызылорда облысының "ҚазГерМұнай" БК ЖШС, "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ, "Торғай Петролеум" АҚ мұнай- газ компанияларының еңбек ұжымдарымен кездесті, кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин өз баяндамасында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша өндірістік жоспарды артығымен орындағанын атап айтты. Мәселен, мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 2010 жылы 22 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 4%, ал 2009 жылдың көрсеткішінен 17% артық. Өндірудің жалпыреспубликалық көлеміндегі компанияның үлесі 28% өсті. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_100311.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады.