"АЛЬЯНС БАНКІ" АҚ XS0495755562 (ASBNE8), XS0496645085 (ASBNE9), XS0495756370 (ASBNE11), XS0496645671 (ASBNE12), XS0496645911 (ASBNE13) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ 2-ШІ КУПОНЫН ЖӘНЕ XS0495755729 (ASBNE10) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 4-ШІ КУПОНЫН ТӨЛЕУІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

28.03.11 16:47
/KASE, 28.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресмитізімінде тұрған "Альянс Банкі" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады. "Альянс Банкі" мынадай Еурооблигациялар шығарылымы аясында 2011 жылдың 25 наурызда екінші купондық сыйақы мөлшерлемесін төлеуі туралы хабарлайды: - халықаралық сәйкестендендіру кодымен (ISIN) 2017 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар: S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0495755562 / XS0495755646, купон жылдық 10,5%; - ISIN-мен 2017 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар: S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0496645085 / XS0496645242, купон жылдық 14,5%; - ISIN-мен 2020 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар: S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0495756370 / XS0495756453, купон жылдық 4,7% (жылдық 2% мөлшеріндегі купондық сыйақы мөлшерлемесінің жартысы ақшалай төленді, жылдық 2,7% мөлшеріндегі қалған бөлігі капитализацияланды). - ISIN-мен 2020 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар: S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0496645671 / XS0496645838, купон жылдық 9% (жылдық 4,25% мөлшеріндегі купондық сыйақы мөлшерлемесінің жартысы ақшалай төленді, жылдық 4,75% мөлшеріндегі қалған бөлігі капитализацияланды). - ISIN-мен 2030 жылы өтеу мерзімімен АҚШ долларындағы облигациялар: S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0496645911 / XS0496646059, купон жылдық 9,5% (жылдық 4,5% мөлшеріндегі купондық сыйақы мөлшерлемесінің жартысы ақшалай төленді, жылдық 5% мөлшеріндегі қалған бөлігі капитализацияланды). Сыйақы төлеу Еурооблигациялардың шығарылымы шарттарына сәйкес жүзеге асырылды, қаражат 2011 жылдың 24 наурызындағы жұмыс күнінің соңына Облигацияларды ұстаушылар тізілімінде көрсетілген Ұстаушылар арасында бөлінді. Сондай-ақ 2011 жылдың 25 наурызында өнідірілген сомалар есебінен төленетін Облигациялар бойынша әрбір Облигацияға 5 644 789 АҚШ доллары немесе 5,77 АҚШ доллары мөлшерінде төртінші төлемі жүзеге асырылды. Сыйақы төлемі өндірілген сомалар есебінен төленетін Облигациялар шығарылымы шарттарына сәйкес корпоративтік және ОШБ қарыздарының пулдарының өндірілген қаражатынан төленді. Өндірілген қаражат 2011 жылдың 24 наурызындағы жұмыс күнінің соңына Облигацияларды ұстаушылар тізілімінде көрсетілген Ұстаушылар арасында тең бөлінді. ISIN-мен және жалпы сомасы 978 059 сомасына өнідірілген сомалар есебінен төленетін Облигациялар: 2020 жылы өтеу мерзімімен S қағидасына / 144А ережесіне сәйкес - XS0495755729 / XS0495756024 2010 жылдың 25 наурызында шығарылды. Өнідірілген сомалар есебінен төленетін Облигациялар бойынша төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі, қаражат облигациялар Ұстаушылар арасында тең бөлінеді: 2010 жылдың 1 наурызынан бастап 2017 жылдың 24 наурызына дейін әр жылдың 25 маусымы, 25 қыркүйегі және 25 наурызда.