"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ-НЫҢ KZ1C51460018 (RDGZ) ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P51460114 (RDGZP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

31.03.11 16:20
/KASE, 31.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 28 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2011 жылдың 28 наурызында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның мынадай бағалы қағаздарына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZ1C51460018 жай акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZ); - KZ1P51460114 артықшылықты акцияларына (KASE ресми тізімі, үшінші санат, RDGZр). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ жай акцияларына 2006 жылдың 16 тамызында KZ000A0KEZQ2 ISIN, артықшылықты акцияларына 2009 жылдың 14 сәуірінде KZ000A0RMTC3 ISIN, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.