ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ 30 НАУРЫЗЫНДА KASE-ДЕ СОМАСЫ МАРЖАСЫ ИНФЛЯЦИЯ ДЕҢГЕЙІНЕН ҮСТЕМ ЖЫЛДЫҚ 0,01 % ҚҰРАЙТЫН ЕКІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ 15,0 МЛН МЕУЖКАМ-72 (KZKAKY060028) ОРНАЛАСТЫРДЫ

30.03.11 16:50
/KASE, 30.03.11/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2011 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімдік жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерінің (МЕУЖКАМ) KASE сауда-саттық жүйесінде орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп хабарлайды. Төменде шығарылым параметрлері, шарттары және орналастырудың нәтижелері берілген (Алматы уақыты). ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ---------------------------------------------- -------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУЖКАМ-72 Ұлттық идентификациялық нөмірі: KZKAKY060028 Шығарылымның реттік саны: 2 / 72 KASE-дегі сауда-саттық коды: MUJ072_0002 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу күні: 30.03.11 Айналысқа жіберген күні: 30.03.11 Айналыста болудың соңғы күні: 29.03.17 Өтеу күні: 30.03.17 Айналыста болу мерзімі: 6 жыл (2 160 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет* Алдағы купонды төлеу кестесі: 1 06.04.12 2 05.04.13 3 07.04.14 4 07.04.15 5 07.04.16 6 07.04.17 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------------------------- * айналыстың әрбір толық 12 күнтізбелік айынан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінде. ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ: ------------------------------------------------------------------- Орналаструдың жарияланған көлемі, млн дана: 15 000,0 Сауда саттық заты: тиянақталған купон Сауда-саттық заты бойынша ереше нөлге тең немесе шарттар: төмен болмауы тиіс Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру үлесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдер қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға (мөлшерлеме) бойынша ---------------------------------------------- -------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ---------------------------------------------- -------------------- Бастапқы дилер – қатысушылардың саны: 12 Берілген өтінімдердің саны (барлығы/белсенді): 31 / 26 Соның ішінде: – лимиттелген: 12 / 8 – нарықтық: 19 / 18 Белсенді өтінімдердің көлемі*, млн теңге: 107 752,0 Соның ішінде: – лимиттелген: 12 610,0 – нарықтық: 95 142,0 Ұсынымға сұраным, %: 718,3 Расталған өтінімдер бойынша тиянақталған купон мөлшерлемесі, % (барлығы / белсенді): – минималды 0,01 – максималды 0,01 – орташа сараланған 0,0100 ------------------------------------------------------------------- * белсенді өтінімдер – сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдер беру кезеңі аяқталғанда жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесімен расталған өтінімдері. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ------------------------------------------------------------------- Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 15 000 000 облигациялар: Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 20 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, 100,0 жоспардан %: Кесімді мөлшерлемесі (купонның 0,01 тиянақталған мөлшерлемесі) %: ------------------------------------------------------------------- "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес екінші шығарылым МЕУЖКАМ-72 орналастыру мәмілелері бойынша сауда-саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталған сәтте барлық мәмілелер орындалды. МЕУЖКАМ-ға салынған ақша индексациясы орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды мерзімі өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне көбейтіндісінен аоынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жариялайтын тұтынушылық бағалардың айлық индексі есебінен соңғы толық 12 айда (2010 жылдың 01 наурызынан 2011 жылдың 01 наурызына дейін) инфляция индексінің ағымдағы мәні 108,9328 құрады. Бұл қағаздар айналымының барлық мерзіміне алынған купон мөлшерлемесінің интерполяциясы шартымен орналастырылған облигацияларды өтеуге болжалмалы табыстылығы қазіргі уақытта жылдық 8,94 % деңгейінде. Орналастырылған МЕУЖКАМ KASE қайталама нарығына автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша айналысқа жіберіледі. Облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, қызмет көрсету және өтеу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.