2011 ЖЫЛДЫҢ 22 СӘУІРІНДЕ "ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІ" АҚ (КАЗАХСТАН) АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ БОЛАДЫ

24.03.11 16:58
/KASE, 24.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЦентрКредит Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2011 жылдың 22 сәуірінде сағат 10:00 банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - банк Басқармасының 2010 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп берушілігі; - 2010 жылға банктің шоғырланған қаржылық есеп беруін бекіту; - банк Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Панфилов көш., 98. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 09:45-тен басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 25 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен 2011 жылдың 11 сәуірінен бастап Алматы қ., Панфилов көш., 98, 403 бөлме мекен-жайы бойынша танысуына болады.