KAZAKHMYS PLC (БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІ) 2010 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

03.03.11 15:53
/KASE, 03.03.11/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған KAZAKHMYS PLC компаниясы (Лондон) 2011 жылдың 03 наурыздағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Бүгін Қазақмыс Тобы ENRC PLC компаниясындағы Топтың 26 пайызды салымын қоспағандағы 2010 жылдың 12 айы ішіндегі өндірісітік жəне қаржылы қызметтерінің нəтижелерін жария етті. Осы аталған үлесті қосып есептелінген қосымша хабарлама 2011жылдың 29 наурызы күні жарық көретін болады. 2010 жылғы Сегменттік EBIDTA көрсеткіші (ерекше баптарды жəне ENRC- дағы 26 пайызды қоспағанда), 2009 жылдағымен салыстыра қарағанда 60 пайызға артып, 1 932 млн.АҚШ долларын құрады, ол əлемдік металл нарығындағы бағамдардың қалпына келуімен байланысты болды. Мысқа деген бағамның елеулі өсуіне 2010 жылы металлдарға деген тұрақты сұраныс əсерін тигізді. 2010 жылдың соңында мыс тоннасының бағамы 9 740 АҚШ долларын құрады (2009 жылы LME қолда бар мыстың орташа бағамы 5 164 АҚШ доллары болды, ал 2010 жылы - 7 539 АҚШ доллары болған). Қазақмыс Тобының таза берешегі операциялық қызметтен табылған ақшалай қаражаттар есебінен 2009 жылғы 31 желтосан күнгі 689 млн. АҚШ долларынан 2010 жылғы 31 желтоқсан күнгі $ 350 млн.АҚШ долларына дейін төмендеді. Топтың барлық кəсіпорындары 2010 жылға белгіленген өндірістік жоспарды орындап шығып, тіпті шамалы артқанын көрсетті. Осылайша, меншікті концентраттан катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 303 мың тоннаны құрады. Күміс өндірісі 14 093 мың унцийді, алтын өндірісі – 127 мың унцийді құрады. 2009 жылдың нəтижелерімен салыстырғанда, мырыш концентратының өндірісі 12 пайызға өсіп, 167 мың тоннаға жетті. Екібастұз ГРЭС-1 өте жақсы өндірістік көрсеткіштерін көрсетті, оған өндірістік кəсіпорындар тарапынан сұраныстың артуы септігін тигізді. 2010 жыл ішінде Екібастұз ГРЭС-1 электр энергиясын таза өндіруі 14 пайызға артып, 11 065 ГВтсағатты құрады. Табылған ақшалай қаражат негізгі жəне қосалқы жабдықтарды модернизациялау жөніндегі кəсіпорынның инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылуын жеделдетуге, сондай-ақ жұмыс істемей тұрған үш энергоблокты оңалтудың есебінен 2016 жылға қарай қуаттылықты 4000 МВтқа жеткізуге бағытталып отыр. Компания Қазақстандағы геологиялық-барлау жұмыстарын күшейтіп келеді жəне Ақтоғай мен Бозшакөл кен орындарын дамыту бойынша белсенді қызметін жалғастырып отыр цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб- сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_030311.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_030311_eng.pdf ағылшын тілінде. KAZAKHMYS PLC 2010 жыл ішіндегі өндірістік және қаржы қызметінің ағылшын тіліндегі есебімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_030311_e.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.