"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ZHERSU POWER" ЖШС-НІҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2P0Y05D171 (ERKAB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2P00000961 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

28.03.11 15:33
/KASE, 28.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ZHERSU POWER" ЖШС (Талдықорған) 2011 жылдың 24 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "ZHERSU POWER" ЖШС KZ2P0Y05D171 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ERKAb1) KZ2P00000961 ISIN берді.