"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ТЕМІРБАНК" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZP07Y10C336 (TEBNB18) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2C00000461 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

29.03.11 15:34
/KASE, 29.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "Темірбанк" АҚ KZP07Y10C336 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb18) KZ2C00000461 ISIN берді.