"БТА БАНК" АҚ (ҚАЗАҚТАН) "EUROMONEY" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМЫ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДА ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА 2010 ЖЫЛЫДҢ МӘМІЛЕСІ РЕТІНДЕ МОЙЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

28.03.11 15:19
/KASE, 28.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банк" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 28 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Euromoney халықаралық іскерлік басылымы БТА Банкінің міндеттерін қайта құрылымдауды 2010 жылдың мәмілесі ретінде мойындады. Бұл жөнінде осы жылдың ақпан айында жарияланған басылым нөміріндегі Люси Фитцджордж- Паркердің "2010 жыл мәмілелері: Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы марапаттар" атты материалында хабарланды. Басылым бұл мәміле дамушы нарықтағы корпоративті сектордың тарихындағы орасан зор қайта құрылымдау болғандығын атап көрсетеді. "Бір жарым жыл өткеннен соң екінші орында тұрған қазақстандық банк "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына берілгеннен кейін 2010 жылдың қыркүйегінде аяқталған 16,7 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын БТА Банкінің міндеттерінің қайта құрылымдауының қиындығына 2010 жылғы жасалған мәмілелерінің кейбірі ғана теңесе алады", - деп атап көрсетті Euromoney. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BTAS/btas_reliz_280311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.