"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "БТА БАНК" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЕНШІЛЕС ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ "БТА ИПОТЕКА" АҚ-НЫҢ KZPC1Y07B648 (BTAIB7) ЖӘНЕ KZPC1Y10C111 (BTAIB11) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖАҢАРТТЫ

31.03.11 15:04
/KASE, 31.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 25 наурызындағы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) хатының көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш хатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2011 жылдың 18 наурызында "БТА Банк" акционерлік қоғамының еншілес ипотекалық ұйымы "БТА Ипотека" АҚ-ның мынадай облигацияларына ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірін) беру туралы мәліметтерді жаңартты: - KZPC1Y07B648 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb7); - KZPC1Y10C111 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, BTAIb11). "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ақпаратына сәйкес KZ000A0TZZH7 ISIN KZPC1Y07B648 (BTAIb7) облигацияларына, ал KZ000A0TZW02 ISIN KZPC1Y10C111 (BTAIb11) 2008 жылдың 06 тамызында, KZ000A0T88H0 ISIN KZPC5Y10B197 облигацияларына 2009 жылдың 23 сәуірінде, 2010 жылдың 01 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы үшін нөмірлеуші агенттіктің қызметін атқарған, WM Datenservice (Алмания Федеративті Республикасы) агенттігі берді.