"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ЛОГИКОМ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ2C0Y05D281 (LOGCB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА KZ2C00000933 ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

29.03.11 15:33
/KASE, 29.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) 2011 жылдың 18 наурызында ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмесін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "ЛОГИКОМ" АҚ KZ2C0Y05D281 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, LOGCb2) KZ2C00000933 ISIN берді.