"ЖАЙЫҚМҰНАЙ" ЖШС 2010 ЖЫЛДЫҢ IV ТОҚСАНЫНА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ

24.03.11 15:31
/KASE, 24.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) Биржаға баспасөз- хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады. Қазақстанның солтүстік-батысында мұнай және газ барлаумен, әзірлеумен және өнідрумен айналысатын "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM) 2010 жылдың 30 қыркүйегінен 30 желтоқсанына дейінгі кезеңде газды қайта өңдеу зауытының (ГҚӨЗ) жұмысы бойынша соңғы өндірістік мәліметтерді хабарлайды. Газды қайта өңдеу зауыты (ГҚӨЗ) бойынша соңғы мәліметтер - Газды қайта өңдеу зауытында (ГҚӨЗ) конденсаттың сынақ өндірісі іске қосылды, осыған орай Жайықмұнай екі апта арасында бірінші кезектегі өнеркәсіптік өндіру басталады деп күтуде; - Сонымен қатар KSS және Exterran мердігерлері реттеуші жұмыстарды және ГҚӨЗ-дағы қорытынды эксплуатациялық сынақтарды жалғастыруда; - Аталмыш сынақтар газды қайта өңдеу зауытында құрыс-монтаждық жұмыстардың аяқталуынан және мемлекеттік қабылдау комиссиясының ГҚӨЗ қатысты "Аяқталған нысанды қабылдау актіні" қабылдағаннан кейінгі кезекте; - Жайықмұнай компаниясы 2011 жыл арасында ГҚӨЗ өндірілген барлық газдың жеткізілу шарттарымен келісті. Осы шарттар құпия ақпарат болып санағанымен, Жайықмұнай олардың нарықта қабылданған шарттарға сәйкес келетінін растайды. Осындай шарттары бар газды сату туралы келісімге өнеркәсіптік өндіру басталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. Төртінші тоқсанға қаржылық көрсеткіштер мен шолу - Кіріс 50.38 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2009 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 39% өсу болып табылады; - Серіктестіктің толық иелігіндегі Zhaikmunai Finance B.V. еншілес компания 450 миллион АҚШ доллары сомасы облигацияларды орналастыруды сәтті аяқтады, соның арқасында 100% қызмет етіп келе жатқан Жайықмұнай ЖШС ("Жайықмұнай" немесе "Компания") еншілес компаниясы банкке қарызын толық өтеді. Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnu_reliz_210311.pdf – орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmnu_reliz_210311_eng.pdf – қазақ тілінде.