18 НАУРЫЗДА БИРЖАНЫҢ САУДА-САТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ҚАҒАЗҒА 410,71 ТЕҢГЕ БАҒАСЫ БОЙЫНША ALTIUS HOLDINGS INC (КАНАДА) 182,6 МЛН CA02153E1007 (CA_ALHO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ САТЫЛДЫ

18.03.11 16:39
/KASE, 18.03.11/ – 2011 жылдың 18 наурызында KASE сауда-саттық жүйесінде ALTIUS HOLDINGS INC (Калгари) CA02153E1007 жай акцияларын (KASE ресми тізімі, үшінші санат, CA_ALHO) сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушысы "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болды. ALTIUS HOLDINGS INC жай акцияларының осы кездегі жарияланған және орналастырылған жалпы саны 182 644 452 дана. Сатушы қағаздардың барлық көлемін бір лотпен сатуды көздеді. Сауда-саттыққа Биржаның бір мүшесі - өз клиентінің мүддесі бойынша қызмет ететін брокерлік-дилерлік ұйым қатысты, ол бір қағазға 410,71 теңге бағасымен аталмыш акцияларды сатып алуға бір өтінім ұсынды. Сауда-саттық қорытындылары бойынша сатушы аталмыш өтінімді қанағаттандырды. Мәміле сомасы 75 013 902 880,92 теңгені құрады (баламасы 514 428 081,75 АҚШ долларына тең).