"ҚазМұнайГаз" Үлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) қоғам басқармасы төрағасының шымкент мөз еңбек ұжымымен кездескені туралы хабарлады

11.03.11 15:14
/KASE, 11.03.11/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2011 жылдың 11 наурызындағы баспасөз-хабарламасын биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы Осы жылдың 11-ші наурызында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдиннің "ПетроКазахстан Ойл Продактс" (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) ЖШС еңбек ұжымымен кездесуі болып өтті, кездесу барысында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин өз баяндамасында "ҚазМұнайГаз" компаниялары тобының 2010 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша өндірістік жоспарды артығымен орындағанын атап айтты. 2010 жылы Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытында 13,7 млн. тонна шикі мұнай өңделді, бұл жоспарлы көрсеткіштен 509 мың тонна немесе 3,86% артық. Сонымен бірге Шымкент мұнай өңдеу зауытында 4,6 млн. тонна мұнай өңделді. Мұнай өңдеу зауыты жұмысының тиімділігін арттыру және республиканың ішкі нарығын жоғары сапалы мұнай өнімдерінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында катализатор мен риформинг қондырғысының жылу алмастыру құралы ауыстырылды, бұл жоғары октанды бензин өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен, 2010 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-92, 96 маркалы бензин өндіру жоспарлы көрсеткіштен 170 593 тоннаға артты. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_110311.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.