KASE ЕКІ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН KASE_B* СЕРИЯСЫ ИНДЕКСТЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕН АЛЫП ТАСТАДЫ

04.03.11 17:55
/KASE, 04.03.11/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Тәуекелдік комитеті 2011 жылдың 04 наурызынан бастап мынадай облигацияларды KASE_BY, KASE_BP и KASE_BC индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады: - "Oilan Ltd." ЖШС (Алматы) KZ2P0Y03C913 (OILAb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 04.03.08 – 04.03.11, жартыжылдық купон жылдық 13,00 %, 30/360); - "Альфа-Банк" еншілес банкі АҚ (Алматы) KZP01Y03C987 (ALBNb2; 10 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 04.03.08 – 04.03.11, жартыжылдық купон жылдық 12,00 %, 30/360). 2011 жылдың 04 наурызынан бастап KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0022457 тең түзету коэффициентін (К) қолданады, KASE_BC – 0,9992727, KASE_BY – 1,5260831. Аталған датаға дейін KASE_BP индексі үшін (К) 1,0022507, KASE_BC үшін – 0,9992872 және KASE_BY үшін - 1,5260993 тең болған. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. Аталмыш индекстердің барлығын KASE күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептеледі. Әр атаудағы облигация бағасының индикаторлардың мәніндегі үлес салмағы он бес пайызбен шектеледі. Бұл ретте, KASE қолдануындағы құжаттарға сәйкес, тек орналастырылған және эмитентпен қайта сатып алынбаған облигациялардың көлемі есепке алынады. Шектеу коэффициенті арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бұрын бұл тақырыбы бойынша 2011 жылдың 04 наурызында: - ""Oilan Ltd." АҚ (Қазақстан) KZ2P0Y03C913 (OILAb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды атты" KASE жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1130576 мекен-жайы бойынша жарияланды. - ""Альфа-банк" АҚ (Қазақстан) KZP01Y03C987 (ALBNb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1130577 мекен-жайы бойынша жарияланды. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.