"НҰРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ӨЗІНІҢ KZ2C0Y05D729 (NRBNB9) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША 1-ШІ КУПОНЫН ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫСТА БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨЛЕМЕГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

03.03.11 14:57
/KASE, 03.03.11/ – "Нұрбанк" АҚ (Алматы) өзінің KZ2C0Y05D729 облигациялары бойынша (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NRBNb9, 100 теңге, 16,0 млрд теңге; 26.07.10 – 26.07.15; инфляция деңгейімен индекстелген жартыжылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 12,00 %, 30/360) бірінші купондық сыйақысын, аталмыш облигациялар айналыста болмағандықтан, төлемегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және KASE-де айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, KASE-ге тиісті ресми хат жолдауы тиіс.