"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ 2011 ЖЫЛДЫҢ 05 МАМЫРЫНДА ҚОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

02.03.11 16:04
/KASE, 02.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 2011 жылдың 02 наурызындағы баспасөз-хабарламасын Биржаға ұсынып, былай деп хабарлады: цитата басы "ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", Компания) Директорлар кеңесі 2011 жылдың 5 мамыры күні Астана қаласында акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. Күн тәртібіне негізгі келесі мәселелер: 2010 жылдың топтастырылған қаржылық есебі мен жылдық есебін бекіту, Компанияның 2010 жылдағы таза пайдасын бөлу тәртібін және Компанияның бір жай және артықшылықты акцияларына шаққанда дивиденд мөлшерін анықтау, 2010 жылдағы ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау енгізілетін болады. Директорлар кеңесі 2010 жылдың қорытындысы бойынша төленетін ҚМГ БӨ бір жай және артықшылықты акцияларына дивиденд мөлшерін ұсынды. Акционерлер жиналысы тиісінше шешім қабылдаған жағдайда, бір жай және артықшылықты акцияға шаққанда дивиденд мөлшері 800 теңгені құрайды (ҚР заңнамаларына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса алғанда). 2010 жылға ұсынылып отырған дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 57 млрд. теңге құрайды (шамамен 389 млн. АҚШ долларына жуық). Ұсынылып отырған акцияға дивиденд мөлшері өткен жылдың көрсеткішінен 13,6 %-ға көп және бұл 2006 жылдағы ІРО-дан бергі ең ірі мөлшер болып табылады. Сонымен қатар, Директорлар кеңесі болашақ жобаларды қаржыландыру үшін Компания балансында айтарлықтай қаражат сақтап қалу керек деп есептейді. Акционерлердің жылдық жиналысы бекіткен жағдайда, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Компания акционерлеріне жылдық дивидендтер төлеу 2011 жылдың 16 мамырындағы жағдай бойынша жүргізіледі және 2011 жылдың 20 маусымында басталады. Директорлар кеңесі сонымен қатар 2011 жылға арналған күрделі салымдар бюджетін 99,1 млрд. теңгеден (661 млн. АҚШ доллары) 106,4 млрд. теңгеге дейін (709 млн. АҚШ доллары) ұлғайтуды мақұлдады. Аталған өзгеріс негізінен ҚМГ БӨ 2010 жылдың қыркүйегінде сатып алған "Сапабарлау Сервис" ЖШС игеріп жатқан "Жарқамыс Шығыс-1" кенорнында бірінші тұзасты барлау ұңғымасын жоспарлы бұрғылауға байланысты болды. цитата соңы Аталмыш баспасөз-хабарламасымен KASE веб-сайтында мына мекен-жайлар бойынша танысуға болады: - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_020311.pdf – қазақ тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_020311_.pdf – ағылшын тілінде.