"ОРТАЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ДЕПОЗИТАРИЙІ" АҚ "ТӨРТ-ҚҰДЫҚ" КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ" АҚ-НЫҢ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C57360014 ЖАЙ ЖӘНЕ KZ1P57360110 (TKUDP) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ KZ2C0Y05B830 (TKUDB1) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ISIN (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН) БЕРДІ

31.03.11 15:03
/KASE, 04.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ (Астана) 2011 жылдың 28 наурызындағы ISIN (халықаралық сәйкестендіру нөмірінің) берілгендігі туралы куәлік көшірмелерін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы), "Бағалы қағаздар және оларға жататын қаржы құралдары – Бағалы қағаздарды сәйкстендіру үшін нөмірлеудің халықаралық жүйесі (ISIN)" ISO 6166 халықаралық стандарттарға сәйкес, "Төрт-Құдық" кен-байыту комбинаты" АҚ мынадай бағалы қағаздарына: - KZ1C57360014 жай акцияларына KZ1C00000389 ISIN берді; - KZ1P57360110 артықшылықты акцияларына (KASE ресми тізімі, екінші санат, TKUDp) – KZ1P00000392 ISIN берді; - KZ2C0Y05B830 облигацияларына (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, TKUDb1) – KZ2C00001014 ISIN берді.