ҚҚА "КМК МҰНАЙ" АҚ АКЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМ АҢДАТПАСЫНА ЕНГІЗГЕН ӨЗГЕРТУЛЕРІ МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРЫН ТІРКЕДІ

30.03.11 14:50
/KASE, 30.03.11/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КМК Мұнай" АҚ (Ақтөбе), өзінің акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігімен (АҚҚ) 2011 жылдың 14 наурызында тіркеліп, "КМК Мұнай" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгерту KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/LNPT/lnptf9_izm_140311.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған