2011 ЖЫЛДЫҢ 25 СӘУІРІНДЕ "ҚАЗАҚСТАН ЭКСИМБАНКІ" АҚ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ

28.03.11 14:40
/KASE, 28.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк) 2011 жылдың 25 сәуірінде сағат 12:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - "Делойт" ЖШС аудиторлық компаниясымен расталған банктің 2010 жылғы жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы; - банктің өткен қаржы 2010 жылғы таза табысын бөлу тәртібін анықтау туралы; - банктің жай акциялары жөніндегі дивиденттерді төлеу мен банктің бір жай акциясының есебімен жылдың қорытындысы бойынша дивиденттің мөлшерін анықтау туралы; - банктің директорлар Кеңесімен ұсынылған 2010 жылғы банк қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуының Талдауын қарау мен 2011 жылғы Жоспарлы тапсырмаларын (пайыздық маржа туралы есептер және табыстар мен шығыстар туралы есептер форматындағы) бекіту туралы; - банктің жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту; - жаңа редакциядағы банктің корпоративтік басқару Кодексін бекіту туралы; - банктің акционерлеріне банктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы; - жаңа редакциядағы банктің директорлар Кеңесі туралы Ережені бекіту туралы; - банктің 2011 жылғы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымын анықтау туралы; - акционерлердің банктің және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеті жайында өтініштері мен олардың қаралуының қорытындысы туралы. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 80. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 11:30-дан басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2011 жылдың 26 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2011 жылдың 26 сәуірінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен компанияның атқарушы органы орналасқан жерінде 2011 жылдың 14 сәуірінен танысуына болады.