"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ" АҚ ҚОСЫМША ШЫҒАРЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА БЕРІЛГЕН УАҚЫТША ISIN ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

18.03.11 16:09
/KASE, 18.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) Биржаға ресми хат жолдап, 277,0 млн АҚШ доллары сомасына 2011 жылдың 01 ақпанында шығарылған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ халықаралық облигацияларына берілген уақытша ISIN-нің 40-күндік қолданыстағы мерзімі 2011 жылдың 14 наурызында аяқталғандығын хабарлады. Қосымша орналастыруы 2011 жылдың қаңтарында жүргізіліп, 01 ақпанда аяқталған аталмыш облигациялар 500 млн АҚШ доллары сомасына 2010 жылдың желтоқсанында шығарылған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ халықаралық облигацияларымен XS0570541317 бұртұтас ISIN-мег біріктірілді. Биржала аталмыш облигацияларға BRKZe6 қысқаша белгісі (сауда коды) берілді. Бұдан бұрын бұл тақырып бойынша 2011 жылдың 04 ақпанында "KASE "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ғалами облигацияларын шығарудың жаңартылған соңғы шарттарын жариялады" атты KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1128363 мекен-жайы бойынша жарияланды.