ҚҚА "ТЕМІРБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP01Y17B559 (TEBNB6), KZP08Y25B557 (TEBNB11), KZP01Y13C333 (TEBNB12) ЖӘНЕ KZP05Y20C339 (TEBNB16) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУДІ БЕКІТТІ

29.03.11 15:02
/KASE, 29.03.11/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темірбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің (ҚҚА) 2011 жылдың 04 наурызындағы ескертпе хаттарының көшірмесін биржаға ұсынды. Айтылмыш құжаттарға сәйкес ҚҚА "Темірбанк" АҚ мынадай облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы есеп беруді бекітті: - KZP01Y17B559 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb6; 0,01 теңге, 4,0 млрд теңге; 30.12.05 – 30.12.22, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP08Y25B557 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb6, TEBNb11; 0,01 теңге, 4,0 млрд теңге; 29.11.06 – 29.11.31, жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP01Y13C333 (TEBNb12; 0,01 теңге, 8,0 млрд теңге, 14.04.07 – 14.04.20; жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360); - KZP05Y20C339 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TEBNb6, TEBNb16; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге, 14.04.07 – 14.04.27; жартыжылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360). ҚҚА ескертпе хатына сәйкес: - 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдай бойынша 307 611 090 375 KZP01Y17B559 облигациясы орналастырылды; - 2010 жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша 316 313 200 133 KZP08Y25B557 облигациясы орналастырылды; - 2010 жылдың 14 қазанындағы жағдай бойынша 252 827 096 200 KZP01Y13C333 облигациясы және 553 950 525 639 KZP05Y20C339 облигациясы орналастырылды.